{metadescription}

Жаңаөзенде вакцина алушылар қатары артты

Жаңаөзенде екпе алушылар қатары артқан. Осы күнге дейін 10 400-ден астам адам вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерді. Олардың арасында мұнайшыларда бар.

Белсенділер ұжымдық иммунитет қалыптастыру арқылы,індетті еңсереміз деп отыр. Жалпы екпе алудың маңызын түсіндіру мақсатында Маңғыстау облысында арнайы түсіндіру тобы жұмыс жүргізуде. Бүгін білікті эпидемиолог және инфекционист мамандар Жаңаөзен қаласындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Негізінен, «Өзенмұнайгаз» компаниясы, «Бұрғылау»және «Өзенинвест» серіктестіктеріне барып, мұнайшылардың вакцинацияға қатысты сұрақтарына жауап берді. Мұнайшылар қаласындағы ірілі-ұсақты компания жұмысшыларының ішінде екпе алуға ниеттілер көбейген.

Айнұр Садықова,инфекционист-дәрігер:

- Вакцина алуға ниеттері қарсы емес. Халық түсінді деген ойдамыз. Түсіндірме жұмыстарын жалғастыруға дайынбыз. Халыққа айттық, біз шығып, қанша уақыт қажет болса,сонша уақыт барлық сұрақтарыңызға толығымен жауап беруге дайынбыз деп.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

28 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде