{metadescription}
Вакцинадан талып қалған азаматты полиция ұстап әкетті
Вакцинадан талып қалған азаматты полиция ұстап әкетті

Вакцинадан талып қалған азаматты полиция ұстап әкетті

Атырауда екпеден кейін есінен танып қалған Өзбекстан  азаматын полиция ұстап әкетті. Оған өтірік талып қалып жұртты дүрліктірді деген айып тағылған. Сондықтан ол  уақытша тергеу абақтысына жабылды. Тіпті вакцина салған дәрігерлер 22 жастағы азаматты сотқа беріпті.

Вакцина алғаннан кейін сіресіп қалған Өзбекстан  азматына қатысты тұрғындар арасында екіұдай пікір қалыптасты. Дәрігерлердің айтуынша, екпеден соң ересек жігіт мейірбикелердің бақылауында болған. Кейін өзінің жұмыс берушісін ертіп келіп шу шығарыпты.

Айгүл Үсенбаева, Атырау қаласы №3 емхананың дәрігері:

- Паспортты бір күннен соң, расталғаннан кейін дайын болады дедік. Ертең келе қойыңыздар деп. «Жоқ, өтірік істейсіздер, мына жерден алмаңыздар»  деп қаншама кісіні үгіттеді. Базада жоқ боп кетеді, мына жерден алсаңыздар дұрыс емес деп, әйел адам неше түрлі угрозасын көрсетті. Қазақ әйел адам, манағы Өзбекстан азаматы менің жұмысшымды осындай қылдыңдар, мен қазір сіздердіе видео түсіремін, осы пункті жабамын, мына Динаның адамдары алмас үшін деді.

Осы қылығы үшін шетелден келген мигрант қамауға алынды. Қазір оның екпеден кейін расымен де денсаулығы сыр берді ме әлде өтірік талып қалды ма, сол жағы анықталып жатыр.

Ерлан Биғамбаев, Атырау қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары:

- Әкімшілік кодекстің құқық бұзушылық, «Ұсақ бұзақылық» жұмыс орнында боқтап балағаттағаны жөнінде арыз түсті.

- Жалған деп жатыр ғой ол туралы арыз түскен жоқ па?

- Жоқ, ол туралы арыз түскен жоқ. Оған дәрігерлер өздері жауап бермесе...

Алайда вакцина алған азаматтың есінен танып қалғанын куәгерлер растап отыр. Полиция өзге елдің азаматын өзекке теуіп, болған оқиғаны жасырып бағуда дейді.

Мұхтар Мәулетов, Атырау қаласының тұрғыны:

- Ұят қой мынау деген! Адам баласы шынымен талып қалды. Ұят қой, өтірік деп! Өтірік емес, бәрі шын. Денесінің бәрі сіресіп қалды. Қырғын адам көрді ғой. Бәріміз сипап жатырмыз. Оянады, кері  талып қалады, кері сіресіп қалады. Солай төрт рет болды. Жедел жәрдемге соқтық, қайта-қайта, үш рет. Сосын барып келді, алып кетті.

Орталық базарда сауда-саттық жасайтын өзге шетелдіктер де вакцина алудың қиын екенін айтады. Ақ халаттылар бізді менсінбей, ар-намысымызға тиеді дейді Әсел Қисметова.

Әсел Қисметова  сатушы:

- «Сен қалпақсың ба? Кімсің маған?» Сөйдеп ар-намысыма келетін сөздер айтты. Сол кезде мен айттым: кім болайын, қазақ болайын, қалпақ болайын, айырмасы қанша? Ең бастысы, адамның жағдайын қарамайсыз ба? Сіз қан қысымын өлшедіңіз бе? Вакцина беріп жатқан соң анықтама неге бермейсіз деп. Содан шығып кетті әңгіменің бәрі. 

Енді  екпе алып есінен танып қалған азамат әкімшілік жазаға тартылады. Осы оқиғадан кейін базардағы барлық сатушылар екпе алудан жүрексініп қалған. Өйткені вакцинаның кері әсері болса, бізді де қамап тастай ма деп қорқады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде