{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе іргесіндегі Бауырластар-5 ауылы коммуникациясыз қалған

Ақтөбе іргесіндегі Бауырластар-5 ауылы коммуникациясыз қалған

Ақтөбе іргесіндегі Бауырластар-5 ауылының тұрғындары өз баспанасына қоныстана алмай отыр. Өйткені мұнда күн көру үшін ішер судан бастап, жарық пен жылу да жоқ. Ал әкімдіктегілер жер бөлген кезде коммуникацияны қатырамыз деп уәде берген. Оған сенген жұрт қазір сенделіп жүрміз дейді.

Ақтөбе іргесіндегі Бауырластар-5 ауылынан осыдан бес жыл бұрын екі мыңнан аса жер телімі бөлінген. Қазір 300-ден аса үй салыныпты. Бірақ сол уақыттан бері ешқандай инфрақұрылым жүргізілмеген.

Жанна Жарымбетова бірнеше жыл бойы қаңырап тұрған жаңа үйіне биыл амалсыз көшіп келгенін айтады. Себебі, ұры-қары маза бермейді екен. Енді суды тасып ішіп, самаурынға шәй қойып, жарықсыз жерде отыр.  

Жанна Жарымбетова, Бауырластар-5 ауылының тұрғыны:

- Суды тасу үшін бөшке жинап, сонау қалаға барып су тасимыз. Машинамен тасимыз. Газ, жарық болмағасын енді газ баллонын әкелдік. Жолдасыма газ баллон әкел дедім. Соны толтырамыз ақшаға. Жарық жоқ. Енді ұялы телефонның жарығын қосып отырмыз.  

Бауырлас-5-тегі жүздеген тұрғынның талабы бір. Ауылға тұрмысқа қажет комуникацияны тартып берсін деп отыр. Бірнеше рет қаланың да, аймақтың да басшысына арызданған. Бірақ еш нәтиже жоқ.

Әлімхан Фазылбек, Бауырластар-5 ауылының тұрғыны:

- Жарық керек бірінші. Екінші, біздің адам болып жүруімізге, лай су ішпеуімізге, денсаулық мықты болуға су керек. Оның бәрін дайындап, балаларымыз жыламасын десек, газ керек. Сосын балшықтан резеңке етік киіп жүрміз. Елу елдің қатарына қосылғанымыз қайда?

Күлшәт Байтілесова, Бауырластар- 5 ауылының тұрғыны:

- Үй салулы дайын тұр. Былтыр-ақ көшіп келетін едім. Ал енді кіре алмай  жүрмін, қаңғып. Бізге веложол неге керек, 17 миллиард шығарып? Халқымыз, өзіміз, бала-шағамыз қаңғып жүрміз, үй жоқ, күй жоқ.

Бұл ауыл Ақтөбенің Астана ауданына қарайды. Ондағы шенеуніктер жақында ғана жоба-смета құжатын әзірлеп болғанын айтады. Бірақ комуникацияның қай күні жүргізілетінін нақты білмейді. 

Мамырғали Аққағазов, Астана ауданының әкімі:

- Жоба болғаннан кейін, жаңа айттым, үш миллиард үстіндегі жарыққа, бір жарым миллиард газға қаралған. Ол облыс бюджетінен қаралмайды. Республикалық бюджеттен. Қазір жұмыс істеп жатырмыз.

Ауыл тұрғындарынан бөлек әкімдер де енді елорда жаққа алаңдап отыр. Ондағылар сұраған ақшаны мақұлдаса, Бауырластар-5 елдімекені жарық пен суға, газға қосылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.