{metadescription}
Көлігіне қамалып алып өзін өртеп жібермек болды – Ақтөбе
Көлігіне қамалып алып өзін өртеп жібермек болды – Ақтөбе

Көлігіне қамалып алып өзін өртеп жібермек болды – Ақтөбе

Ақтөбелік тұрғын көлігіне қамалып алып өзін өртемекші болды. Сол маңдағы жұрттың зәресін алған 38 жастағы тұрғын маскүнемдіктен емделіп жүр екен.

«Лексус» көлігін тақымдаған ол көпқабатты үйдің ауласына барып тоқтайды. Сол жерде тұрғындардың көзінше үстіне бензин құяды. Көлігін ішінен жауып, өзін өртеп жіберетінін айтады. Дереу жеткен құтқарушылар көлігінің артқы терезесін сындырып, көбік шашып тұтатқан оттығын сөндірген. Қазір ол маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдейтін ауруханаға жатқызылды. Бұрыннан аталмыш медициналық мекемеде қаралып жүр екен. Астындағы көлігі де өзінікі. Енді мас күйінде елдің зәресін алғаны үшін бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Арман Қадыров, Ақтөбе облысы өрт сөндіру мекемесінің бастығы:

- «Лексус» автомобилі ішінде бензин құйып, өзін өртегені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына екі бірлік техника және сегіз адам өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері жіберілді. Машинаның артқы терезесі сындырылып, ауа көбік берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.