Алакөлде үш автокөлік соғылып, төрт адам тіл тартпай кетті
Шығыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Алакөлден үш автокөлік соғылып, төрт адам тіл тартпай кетті.
Автор: Ұлан Нұрахмет
19.07.2021
Қайғылы жағдай Мақаншы - Жалаңашкөл тас жолында болған. Соққының қатты болғаны соңшалық, көліктердің сау тамтығы қалмаған. Қытайлық Geely маркалы автокөлік жолдың жиегіне ұшып кетен. Оқиға орнында жүргізушінің 48 жастағы әйелі мен 13 жастағы ұлы, сондай-ақ "Лада " автокөлік жүргізушісінің 47 жастағы жұбайы мен 18 жастағы қызы қаза тапты. Тағы төрт адам ауыр жарақатпен Мақаншының ауруханасына жеткізілді. Апатқа қай жүргізуші кінәлі екені әлі белгісіз. Сотқа дейінгі тергеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!