Шымкентте той тоқтатылып, мол дастархан желінбей қалды
Шымкентте бір күнде бірнеше той тоқтатылды. Карантин талаптары күшейтілгенімен, қыз ұзату, мерей той, үйлену тойларын мейрамханаларда ашық жасап жатқандарға полицейлер сау етіп кіріп келді.
Автор: Бек Әбиев
19.07.2021
Тәртіп сақшылары кіріп келгенде тойшыл қауым жан-жаққа бытырай қашты. Мерекенің шырқын бұзған погондыларды, әрине, ешқайсысы жақтырып жүрген жоқ. «Қызыл» аймақтағы Шымкентте тойдың көпшілігі күндіз басталып, кеш батқанша аяқталады екен. Бұл жолы да сақтық шараларының барынша күшейгеніне қарамастан, кемі 100 адам жинаған бірнеше той тоқтатылып, жайылған мол дастархан желінбей қалды. Меймандар таратытып, тойхана әкімшілігіне полицейлер тарапынан хаттама толтырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!