{metadescription}
Елордада тойға келген 200 қонақ мейрамханадан қашып шықты
Елордада тойға келген 200 қонақ мейрамханадан қашып шықты

Елордада тойға келген 200 қонақ мейрамханадан қашып шықты

Нұр-Сұлтанда үйлену тойына келген 200 адам мейрамханадан қашып шықты. Қонақтар коронавирустың таралмауы бойынша жарияланған карантин шектеулерін пысқырмаған. Мейрамханадағы сауықты елорданың мониторинг тобы тоқтатты.

Той өткізуге рұқсат берген мейрамхана иелерінің сөзінше, үйлену тойы локдаунға дейін жоспарланған. Қонақтар шақырылып қойғаннан кейін оны тоқтату мүмкін болмапты. Ал тексеру тобы бірнеше ай бұрын жоспарланған тойды бір сағатта тоқтатып тастады. Бетперде кимеген, арақашықтық сақтамаған тағы осындай құдалық тойы, 30 жыл бұрын мектепті бітіргендер кеші де күтпеген жағдаймен аяқталды. Мониторинг топтар көңіл көтеру орындарынан қонақтарды тырқыратып, үйіне қайтарды.

Локдаун жарияланған екі күнде 167 нысан тексерілген, карантинді бұзған 51 дерек тіркеліпті. Енді қатаң шектеулерге құлақ аспаған мейрамхана және кафенің иелері бір миллион теңгеге дейін айыппұл төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.