СOVID-19: Вакцинаның I компонентін алғандар бес есе азайған
Соңғы аптада коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алғандар бес есе азайған. Денсаулық сақтау министрлігі дабыл қағып отыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
19.07.2021
Соңғы тәулікте вакцинаның бірінші компонентін 23 мың, екіншісін 25 мыңнан аса отандасымыз қабылдапты. Ал бұл өткен аптамен салыстырғанда статистиканың едәуір төмендегенін көрсетеді. Өйткені жеті күн бұрын дерттен қорғайтын препараттың алғашқысын 114 мыңнан аса адам салдырып, 48 мыңға жуығы 2-ші компонентін алған.
Әсіресе қос қалада да вакцинаға тұрғындардың бейжай қарауының себебінен көрсеткіш көңіл көншітпей тұр.
Бір апта бұрын елордада 7 мыңға жуық жұртшылық вакцина алуға барса, соңғы тәулікте бұл тізім мыңнан аса адаммен ғана толығыпты. Алматыда да жағдай осы тектес. Күн сайын 15 мыңға жуық қараша екпе ектіріп келсе, кеше індетке қарсы препаратты қабылдағандар 4 мыңға да жетпеген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!