Мотоцикл балалы әйелді қағып өлтірді
Алматыда мотоцикл жүргізушісі жантүршігерлік жол апатын жасады. Жоғары жылдамдықпен жүйткіп келе жатып, балалы әйелді қағып кеткен. Алған жарақаттарынан 45 жастағы келіншек қаза тапты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
20.07.2021
Оқиға кеше кешкі сағат 10-дар шамасында болған. Алты жасар баласын жетектеген әйел жолдың рұқсат етілмеген жерімен арғы бетке өтіп бара жатыпты. Осы кезде жасы алпысқа жуықтаған азамат тізгіндеген мотоцикл оларды қағып өтеді. Куәгерлердің айтуынша, қатты соққыдан бала үш метр жерге ұшып кеткен. Маңайдағылар дереу жедел жәрдем шақырып, анасы мен баласы аса ауыр хәлде жансақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер келіншекті аман алып қала алмады. Жүргізушінің өзі де жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Қазір жол апатына қатысты тергеу жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!