{metadescription}
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері антиваксерлерден таяқ жеді
Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері антиваксерлерден таяқ жеді

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері антиваксерлерден таяқ жеді

Ұртоқпақ әйелдерге шара қолданылмайды! Антиваксерлерден таяқ жеген денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері кеше болған оқиғаны жабулы қазан күйінде қалдырмақшы. Полиция шенеуніктердің ешқандай арыз жазбағанын айтты.

Ашуға булыққан аналардың шенеуніктерді сабап жатқан бейнежазбасы кеше әлеуметтік желіде тарап кетті. Оқиға былай болған: коронавирус екпесіне қарсы бір топ әйел денсаулық сақтау министрінің орынбасарлары Ажар Ғиният, Жандос Бүркітбаев және  бас санитар дәрігердің ресми өкілі Ержан Байтанаевпен кездесуге шақырылған. Тараптардың сөзі жараспағаны  соншалық, аналар шенеуніктерге айқайлап жұдырық ала жүгіреді. Денсаулық сақтау министрлігі бұл оқиғаға еш мән бермегендей кейіп танытып, әрқашан диалогқа ашық екенін мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде