30-дан астам елде коронавирустың «Лямбда» штамы анықталды
30-дан астам елде коронавирустың «Лямбда» штамы анықталды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Халықаралық ұйым маусым айында «Лямбданы» қауіпті штамм тізіміне қосқан.
Автор: Асқарбек Қазанғап
20.07.2021
Негізінен Солтүстік және Оңтүстік Америкада вирустың таралу қарқыны қатты. Алғаш рет 2020 жылдың желтоқсанында Перу, Чили, Эквадор мен Аргентинада қылаң берді. Вирусологтар «Лямбда» басқа штаммдарға қарағанда қауіпті екенін алға тартады. Кез келген ортаға оңай бейімделеді. Әсіресе, бұрын коронавируспен ауырмағандар мен екпе салдырмағандарға дерт тез дендеуі мүмкін екен. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы «Альфа», «Бета», «Гамма», «Дельта», «Эта», «Йота», «Каппа» және «Лямбда» штамдарын тіркеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!