{metadescription}
Коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар қатары артып барады
Коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар қатары артып барады

Коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар қатары артып барады

«Сары» аймақта тек екі өңір қалды. Ал екі аптадан бері «сарыда» тұрған Жамбыл облысы қауіптің ең жоғары «қызыл» деңгейінен бір-ақ шықты. Мұнда коронавирусты жұқтырғандар саны  кешегімен салыстырғанда екі есе көп.

Нұр-Сұлтан қаласында эпидахуал әлі де күрделі. Бір күнде 1300-ге жуық адамның Ковид-19-ға тапсырған тесті оң болып шыққан. Алматыда – 629, Шымкентте 400 шақты адамнан ауру анықталды. Қазір дерттің таралуы бойынша «қызыл» деңгейде Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарынан бөлек, өңірлердің барлығы тұр. Індет жұқтыру қаупі төмен «жасыл» аймақ екі күннен бері бос.

Елімізде коронавирус пен пневмониядан көз жұмғандар қатары артып барады. Соңғы деректерге сүйенсек, қауіпті індеттен 65 адам, коронавирус пневмониясынан 13 науқас қайтыс болды. Бір күн бұрын коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 48 адамның дүниеден өткені хабарланған еді. Дәл қазір ел ауруханаларында 19 мыңға тарта адам кеселден емделіп жатса, 43 мыңдай науқас үйден ем қабылдауда. 162  науқас жасанды тыныстау аппаратына қосылған.

Қазақстанда соңғы тәулікте індеттің ілмегіне 4889 адам ілінген, бұл кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 600 адамға азайған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде