{metadescription}
Аймақтардан репортаж: Сойылған малдан көрі, етке мұқтаждар әлдеқайда көп
Аймақтардан репортаж: Сойылған малдан көрі, етке мұқтаждар әлдеқайда көп

Аймақтардан репортаж: Сойылған малдан көрі, етке мұқтаждар әлдеқайда көп

Оң іс онлайн атқарылған күн!  Малдың ең семізін таңдап, оны өз қолымен сойып таратуға дағдыланған жұрттың биыл да санитар мамандардың тыйымына көндігуден басқа амалы жоқ. Қайырым жасағысы келген халық базар аралау қызығынан қағылса да, арнайы сайт арқылы тапсырыс беріп сойғызып жатыр. 

Шалған құрбандығын қашықтан видео арқылы ғана көреді. Бірақ сойылған малдан етке мұқтаж жандар әлдеқайда көп екен биыл. Ел денсаулығы үшін осылай шектеуге ұшыраған діни мереке биыл әр өңірде қалай басталды? Былтырғыдан ерекшелігі қандай? 

Ақтөбе қаласындағы мешіт алаңы. Бұрын Айт кезінде бұл жерде адам қарасы көп болатын. Биыл жым-жырт. Себеп қауіпті індет болып отыр. Санитар мамандар мешіт маңында құрбан шалуға, тіпті мал базарларының жұмысына да тыйым салды. Құрбан шаламын дегендерге қалада жалғыз орын бөлінген. Ақтөбенің шетіндегі ет комбинатына тапсырыс бере алады. Онда да тек қашықтан, онлайн байланыспен ғана. Дін өкілдері тапсырыс берушіге байланысқа шығып, сатылатын малды көрсетеді. Одан соң ет комбинатында сойылып мұсылмандар діни басқармасының сайтына тіркелген мұқтаж жандарға тапсырылады. Дегенмен биыл құрбан шалушылар саны бұрынғы жылдарға қарағанда тым азайып кеткенін айтады имамдар. Бұған мал бағасының қымбаттауы да себеп деп отыр.

Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе облысының бас имамы:

- Қазіргі таңда бізде 600-дей  мұқтаж жандардан етке онлайн түрде сұраныс келді. Өткен жылдарға қарағанда мал бағасы біраз қымбат болуына байланысты құрбан шалушылардың саны біраз аз деп айтсақ болады. Енді ертең, арғы күні жалғасады. Сондықтан бүкіл сұранысты қамтуға тырысамыз.

Мал бағасының былтырғымен салыстырғанда екі есеге қымбаттағаны рас. Құрбан айтта сұранысқа ие қойдың өзі Ақөбеде 70-80 мың теңге тұрады. Ал марқаның ең арзаны 45 мың теңгеге сатылып жатыр.

Имамдар мұсылманға мал етін ғана тарату міндет емес дейді. Әркім өз мүмкіндігінше қайырымдылық жасағаны жөн деп отыр. Онымен қоса Айттың мейрам екенін ұмытпай, туған-туыс, жақындарды қашықтан құттықтап, тілек айту, кешірім сұрау парыз екен. Шымкентте мал шалу тұрғындар үшін азап болып тұр. Себебі: қала ішіндегі мал сатып құрбандық шалатын орындарды полицейлер мықтап күзетіп жатыр. Жекеменшік үйдің ауласында жыл он екі ай қой сатып жүрген үйлердің алдын тәртіп сақшылары мен ветеринар мамандары торуылдап жүр. Мал алам және шалам дегендер бұл үйлерге кірмеуі тиіс. Сәйкесінше, құрбанға арналған мал да сыртқа шығарылмауы керек екен. Бірақ полицейлер көзін ала бере, ашатұяқты жануарды ауладағы қорадан көлікке тиеп жатқандар да бар. Бірақ, мұндай азаматтар ұсталып қалған жағдайда әжептеуір айыппұл төлеуі тиіс.

Әсем Дәулетова, Шымкент қаласы санитария-эпидемиология қадағалау департаментінің бөлім басшысы:

Кемшілік тіркелген жағдайда мобильді топтың тарапынан ұсыныстар түседі. Санэпидбақылау басқармаларына аудандық, олар одан кейін әкімшілік құқықбұзу кодексінің 425-бабының 1-бөлімі бойынша айыппұл салынады.  Жеке тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткішпен, ал жеке кәсіпкерге 230.

Қала ішіндегі қой сатылатын орындарда кешелі бері күзетіп жүрген 61 полицей Айттың алғашқы күні  бірде-бір заңбұзушылықты тіркемепті. Тәртіп сақшылары Құрбан айттың үш күнінде де осы орындарынан тапжылмауы керек екен.

Шымқалада мал союға рұқсат етілген ресми 6 орын ғана бар. Тек осы орындарда мал сойдыруға үлгермесеңіз, эпидахуалы тым тұрақсыз мегаполисте құрбандықты тек онлайн шалуға болады.

Ал Алматыда мал союға еш жерде рұқсат жоқ. Алла ризалығын алу үшін Алматы облысының базарларында жүр. Қуат Әдепбаев  нанын адал еңбекпен тауып жүрген шаруалардың бірі. Бүгін ол мал базарына өзі бордақылаған он шақты қойын әкелді. «Бағаны қымбаттатпасқа амал жоқ», - дейді кәсіпкер. Өйткені мал өсіргендердің барлығы әрі тартсаң арба сынады, бері тартсаң өгіз өледінің күйін кешкен.          

Қуат Әдепбаев, кәсіпкер:

Көріп жатырсыздар ғой, жем-шөп қымбат. Жер тықыршылық. Бізге мұсылмандардың бір мерекесінде өстіп сатамыз да, сол сатқан ақшаға біз жем-шөп сатып аламыз. Өйткені қыстан малды шығару керек қой! Қазір егістік шабылып жатыр. Кейбір жерде егістік те шықпай қалды. Бір тонна жемің 110 мың. Бір түк шөбің 1,5 мың теңге. Сонда қазір біз 600-700 мыңға сатамыз, соған жем-шөп аламыз. Қыста малымызлы аман бағып шығуымыз керек.

Жомарттық танытып ірі қараны жығып жатқан жан жоқ. Мал базарда сойылып жатқан қой ғана. Ал бағасы 30 мыңнан басталады. Туған-туыс пен көрші-қолаң қамын ойлағандар бірден осы жерден теңдей бөліп алып кетіп жатыр. Сонымен бірге облыс аумағына жете алмағандар онлайн шалғызып жатыр. Құрбан айттың бірінші күні 500-ден астам қала тұрғыны сайт арқылы құрбандық шалды. Ал мұқтаж жандардың саны бұдан екі есе көп.   

Сайтта саудаласу жоқ. Ірі қара – 371 мың, Қой – 70, ал ешкі – 45 мың теңге. Десе де ірі қараның құнын жеті адамның бірігіп төлеуіне мүмкіндік бар. Бұл бағаға қасапшының еңбек ақысы кіреді. Ал қалған қызмет, яғни малды бөлшектеп сою, дорбаларға салыпмұқтаждарға жеткізу – тегін. Оған ақы алынбайды. Әдетте «Алла ниетіне» деп сойылған соң үшке бөлінетін. Бірі өз отбасына қалдырылса, екіншісі көрші-қолаңға, үшіншісі мұқтаж жандарға таратылып берілуі тиіс. Бірақ биыл онлайн сойылған құрбандық етін көрші-қолаңмен бөлісе алмайсыз. Ет толығымен тек мұқтаж жандарға таратылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде