{metadescription}
Токио олимпиадасында кемі 3 алтын алуға тиіспіз
Токио олимпиадасында кемі 3 алтын алуға тиіспіз

Токио олимпиадасында кемі 3 алтын алуға тиіспіз

«Токио олимпиадасында қанжығамыз кемі 3 алтынмен майлануы тиіс». Белгілі спорт журналистері осындай болжам жасап отыр. Пандемия жағдайындағы дүбірлі додада Қазақстан құрамасына 97 жолдама бұйырған.

Қазір сол спортшылардың бірінші легі Жапония астанасындағы олимпиада ауылына жайғасып, дайындығын пысықтап жатыр. Екі күннен кейін басталатын дода пандемияға байланысты көрерменсіз өтеді. Алайда біздің спортшылардың жарысын, ең болмаса экраннан тамашалау бақыты да бұйырмайтын сыңайлы.  

Пандемия жағдайындағы олимпиадада спортшыларымыз 97 жолдамаға ие болды. Додада бақ сынайтын қыз-жігіттердің бірінші легі 17-шілдеде Токиоға жеткен. Олар олимпиада ауылына жайғасып, келесі күні жаттығуға кірісіп те кетті. Қазір Жапония астанасында Қазақстан делегациясының 115 өкілі жүр.

Елсияр Қанағатов, Қазақстан ұлттық олимпиада комитеті спорт дирекциясының директоры:

- Мұнда бар жағдай жасалған. Дегенмен пандемияға байланысты белгілі бір шектеулер бар. Бәріміз бетпердемен жүруге міндеттіміз. Күнделікті ПТР-тест тапсырып жатырмыз. Әлеуметтік арақашықтықты сақтап, адам көп жиналған жерге барудан мейлінше сақтануымыз керек.

Қазақстандық спортшылардың екінші легі Токиоға 28-шілдеде табан тірейді. Сарапшылар бокс, ауыр атлетика спортының өкілдері мен дзюдошыларға ерекше үміт артып отыр. Дәстүр бойынша Қазақстан құрамасы бұл жолы да кемі үш алтын медальмен оралады деп болжайды.

Есей Жеңісұлы, спорт журналисі:

- Менің ойымша, кем дегенде үш алтын медаль болады деп есептеймін. Үш  алтынды мына спортшылар алады деп айту қиынырақ. Өйткені жалпы олимпиада заңдылықтарына қарасаңыз, бізде міндетті түрде ешкім күтпеген бір спортшы олимпиада чемпионы атанады. Сондықтан осындай бір күтпеген жүйрігіміз жарып шығады деп ойлаймын. Ал енді боксшылардан үміт мол.

Садақшылар да медальсіз қайтпауы тиіс дейді сарапшылар. Бір өкініштісі, көптен күткен доданы қазақстандықтардың көре алмауы мүмкін. Себебі, мемлекеттік телеарналар олимпиада трансляциясы бойынша құқық иесінен әлі келісімге келе алар емес. Бұған лицензия бағасының 123 пайызға қымбаттауы себеп болған. Дегенмен спорт журналистері әлі де үмітін үзбейді.

Сергей Райлян, спорт журналисі:

Олимпиаданың ашылуына дейін әлі уақыт бар. Трансляция бойынша әлі нақты жауап жоқ. Келіссөзджалғасып жатыр. Төрт жылда бір өтетін дода елімізде көрсетіледі деп сенеміз.

Соңғы тәулікте Токио олимпиадасына қатысып жатқан 8 адамнан коронавирус анықталған. Осылайша жарыстың басы-қасында жүрген жалпы саны 79 адам індетпен тіркелді. Ұйымдастыру комитеті кесел одан әрі өршіп кетсе, доданың тағы да кейінге шегерілуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Олимпиаданың ашылу салтанаты 23-шілдеге жоспарланған. Оған әлемнің 206 елінен 11 мыңнан аса спортшы қатысады. Індетке байланысты жарыстардың басым бөлігі көрерменсіз өтеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде