{metadescription}
Жаңаөзенде қала тазалығына жауапты жұмысшылар бас көтерді
Жаңаөзенде қала тазалығына жауапты жұмысшылар бас көтерді

Жаңаөзенде қала тазалығына жауапты жұмысшылар бас көтерді

Жаңаөзенде қала тазалығына жауапты жұмысшылар бас көтерді. Көше сыпырып, шөп шауып, қоқыс жинаумен айналысатын 100-ге жуық әйел бүгін жұмысты тоқтатып қойып, жалақыны көтеруді талап етті.

Бұл – мұнайшылар қаласындағы айлығының шайлығына жетпейтінін айтып, қазір ереуілдетіп тұрған осымен жетінші еңбек ұжымы.

- Жалақымыз 60 мың теңге – мардымсыз! Нарық шарықтап тұрған кезде 60 мың жалақымыз ешқандай күнкөріске жетпейді. Сол жалқымызды 150 мың теңгеге көтеріп беруіңізді сұраймыз. Талап етеміз!

Әділдік талап етіп тұрған «Глобал Строй и К» ЖШС жұмысшылары. Күні бойы қала тазалығымен айналысатындар 60 мың теңге жалақымыз дымға жетпейді деп наразылық білдірді. «Тек көшесыпырып қана қоймай,  арам шөп жұлып, тіпті кейде үйлердің арасын тазалап, қоқыс та жинап кетеміз», -дейді олар. Жұмысты көбейтпесе, азайтпайды деп қынжылады.

Жұмыстың ауырлығын ескере отырып жауаптыларға айлықты  60 мың теңгеден 150 мың теңгеге көтеруді, еңбек демалысын 36 күнге созып, әлеуметтік төлемдерді заң бойынша уақтылы төлеп, зейнетақы қорына уақтылы ақша аударып, лас жұмыс атқаратынын ескеріп қосымша төлем енгізу сынды 10 талап қойып отыр. Жиналғандар айтқанымызды орындамайынша, тазалық мекемесінің алдында тұра береміз дейді. Шатыр тігіп ас-суын әкеліп алған. Бүгін сол жерде түнемекші екен. Ал әкімдік мәселені заң аясында шешпесе болмайды деп отыр.

Берік Ізғалиев, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

- Мәселенің мән-жайы жергілікті әкімдіктің бақылауында. Ары қарай бұл дауды заң аясында реттеп шешуге жұмыс істейміз. Жұмысшылар бұлай жұмысты тоқтатпай, еңбек дауын заңмен шешіп, өндіріске кедергі келтірмей мәселені шешу керектігін түсіндірдік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде