Шаруаларды қолдау үшін мал азығын тұрақтандыру қоры құрылады
Маңғыстау облысында шаруаларды қолдау үшін мал азығын тұрақтандыру қоры құрылатын болды. Үкімет оған арнайы қаржы бөледі. Қазір қуаңшылықтан қатты зардап шеккен Маңғыстау, Бейнеу, Қарақия аудандары жем-шөппен бірінші кезекте қамтылып жатыр.
Автор: Ербол Тұрымбет
21.07.2021
Облыс басшылығының мәлімдеуінше, бұл аудандарға шөп көршілес Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан жеткізіліп жатыр.
Осыған дейін 1200 тоннадан астам арпа әкелініп фермерлерге нарықтан төмен бағамен сатылған. Дегенмен өңірдегі мал басын түгендеу әлі бітпей жатыр. Әзірге облыстағы малдың аналық басының азығына кететін шығынды ішінара өтеуге үкіметтен 1 миллиард 900 миллион теңге бөлінген. Оған қоса үкімет қосымша қаржы қарастыратын болды. Ол өңірде мал азығының тұрақтандыру қорын құруға жұмсалады. шаруалар тұрақтандыру қорынан 115 мың тонна шөп пен 56 мың тонна жемді арзан бағамен сатып алуға тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!