{metadescription}
Ақбастаулықтар жезөкшелер ордасына айналған қонақ үйден зәрезап болған
Ақбастаулықтар жезөкшелер ордасына айналған қонақ үйден зәрезап болған

Ақбастаулықтар жезөкшелер ордасына айналған қонақ үйден зәрезап болған

Түркістан облысы Сайрам ауданында бірнеше ауылдың тұрғындары жезөкшелер ордасына айналған қонақ үйге шүйлікті. Олардың айтуынша Ақбастау ауылындағы Ақбастау деп аталатын демалыс орыны кәдімгі жын-ойнаққа айналып кетіпті.

Жеңіл жүрісті сылқымдар мен мастардың у-шуынан шаршаған ауылдағылар қонақ үйге ондайларды жолатпасын деген талап қойды. Ал мейманхана  қожайындарының өз уәжі бар.

Сайрам ауданындағы Ақбастау ауылындағы Ақбастау қонақ үйі жолдың дәл бойында тұр. Тұрғындардың айтуына қарағанда соңғы бірнеше жылда бұл жер жынойнаққа айналған. Демалыс орыны ашылғаннан бері ішіп, шегіп алып жүретіндер көбейген. Ауылдың берекесін алған қонақ үйдің мәселесін шешуге олар осында жиналды.

Мұхит Айтқұлов, Сайрам ауданының тұрғыны:

- Қызметін басқа мақсатта пайдаланып, жезөкше қыздарды жинап алып, кәмелетке толғаны бар, толмағаны бар, бәрін ластап, лас тірліктерін жүзеге асырып отыр.  Омырауын ашып темекі шегіп тұрады. Мүшеқабын шашып жатады. Бүгін жинап қойған ғой, бүгін мереке. Ұяты бар екен қайта, бір күнге демалыс беріпті. Демалмай ұра береді. Ыңқылдаған дауысы бар, басқасы бар, балаларымызға не деп айтарымды білмеймін.

Бірнеше ауылдың жігіттері жиналып жатыр деген соң, мұнда полицейлер келіп алған екен. Тәртіп сақшылары болған соң ба, әйтеуір төбелес шыққан жоқ. Қонақ үйді үнемі аңдып жүрген жігіттер жағы «қыздар бірде іште, бірде сыртта» дейді. Тіпті дәлел ретінде түсірген видеоларын береді. Расында шылымды бұрқыратқан сылқым саудаласып отыр. Бірақ бұл қонақ үйге қатысым жоқ дейді. Ал қонақ үй әкімшілігі кім кіріп жатса да, бәрібір сияқты.

- Қыздар жоқ па?

- Далаға барсаңшы, далада ғой.

- Сіздерде мүшеқап сатыла ма? Бар ма?

- Болды онда.

Жиналғандар қонақ үй жеңіл жүрістілердің ордасы дегенімен, ішке кіргенде жезөкшелерді таба алмадық. Оны жігіттер алдын ала естіп қуып жіберді деп есептейді. Тілшілер мен полициядан басқасын ішке кіргізгісі келмеген қонақ үйдің басшылары мен тұрғындар тіпті жанжалдасып қалды.

- Қыз дегеніңе мен айтып жатырмын. Міне, аспаз. Сен біреудің артына кір артпа. Сен сол жәлеп дегенің үшін, сол қыз дегенің үшін Алла алдында жауап бересің, бауырым, қатты кетпе.

Бұлқан-талқан ашуланған қонақ үй қожайыны жезөкшелер тақырыбындағы әңгімеден шаршадым дейді. Ал келіп жатқан клиенттерді тексеру менің шаруам емес деп отыр.

Мейрамбек Ташимов, қонақ үй қожайыны:

 - Ешқандай қыздар болған емес. Болды, әркім өзінің жұбымен кіреді. Мысалы, қонақ үй болған соң біреу жолдан қалып кіреді. Біреу немесе екеуі кіреді. Оның несі жоқ. Ол жерде мен ақымақ емеспін жәлеп сататын. Кіре беріске де жазып қойғам, жәлеп жоқ деп.

Осыған дейін бұл қонақ үйге тұрғындардан арыз түспеді деген полицейлер тексерісті енді бастаған екен. Бірақ аудандық тәртіп сақшыларына сенімсіздік танытқандар істі прокуратура бақылауға алсын деген талап қойды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде