{metadescription}
Елордада 60-қа тарта талапкер грантынан айрылған
Елордада 60-қа тарта талапкер грантынан айрылған

Елордада 60-қа тарта талапкер грантынан айрылған

Алпысқа тарта талапкер грантынан айрылып қалды. Елордадағы Қазақ технология және бизнес университетіне құжат тапсырған осынша талапкер шағымын кімге айтарын білмей сенделіп жүр. Олардың айтуынша, университет әуелде грант болатынын айтып сендірген.

Бірақ шығармашылық емтиханын тапсырып болғаннан кейін балы жетіп тұрса да, грантқа түсе алмай қалған.

Інжу Сапарбек, талапкер:

Грант нақты болады ғой дегенде, иә, грант болады деді. Мен одан кейін құжатымды университетке қалдырдым. Одан кейін шығармашылық емтихан тапсырып болғаннан кейін олар бізге грант болмайды, оларға грант бөлінбейді деп айтты. Енді басқа университетке грантқа, тіпті ақылы бөлімге де түсе алмай отырмыз.

Басқа ешқандай оқу орнына түсе алмайтын себебі де бар. Өйткені шығармашылық емтиханын қай оқу орнында тапсырса, сол жерде ғана грантта оқи алады. 60-қа жуық талапкер елордадағы аталмыш университеттің графика және дизайн мамандығын таңдаған. Университет өкілдері талапкерлердің шағымына еш қайран қыла алар емес. Себебі: бұл мамандық бойынша университетке грант бөлінбейтінін министрлік тым кеш ескерткен. Алайда министрлік өкілдері жоғары оқу орнының өзін айыптап, қателік өздерінен кетті деп айтқан. Ал талапкерлерге грант байқауына қатысу үшін басқа білім ордасын таңдауға мүмкіндік берілетін болды. Министрлік тарапы солай шешкен.

Аталмыш университетке түскісі келген талапкерлердің сандалып қалуы бірінші рет емес. Дәл осы жағдай былтыр да болған. Ол кезде де министрлік базаны қайта өзгертіп, талапкерлердің басқа оқу орнын таңдауына мүмкіндік берген.

Жанна Есенбаева, ҚР Білім және ғылым министрлігі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру басқармасының басшысы:

Шығармашылық бағыттағы мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жоғары оқу орындарының тізімі комиссия шешімімен бекітіледі. Бұл тізімді жоғары оқу орындарына жеткізген болатынбыз. Және де бұл тізім Ұлттық тестілеу орталығының сайтында жарияланған. Бұл абитуриенттердің шығармашылық емтихандарының нәтижесі сақталып, басқа жоғары оқу орындарына берілетін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде