{metadescription}
Бес талап қойған Жаңаөзенде мұнайшылар тағы ереуілге шықты
Бес талап қойған Жаңаөзенде мұнайшылар тағы ереуілге шықты

Бес талап қойған Жаңаөзенде мұнайшылар тағы ереуілге шықты

Жаңаөзенде мұнайшылар айлық көтеруін талап етіп тағы ереуілге шықты. Бұл жолы Оilfield equipment and services және «Ақтау мұнай сервис» компаниясының жұмысшылары наразық білдіріп, жұмысын тоқтатып Президентке видеоүндеу жолдады.

- Бірінші – еңбек келісім шартын беруде, екінші – еңбекақымызды 100 пайызға көтеруді, үшінші – жылына екі рет Тәуелсіздік күні және Мұнайшылар күніне сыйақы төленуін, төртінші – аймақтық коэффицент, бесінші – жыл соңында он үшінші еңбекақы төлеуді талап етеміз!

Ереуілшілер жұмыс орындарындағы асханада тамақтандыруды қайта қарау керектігін де айтады. Талаптар орындалмайынша, жұмысты бастамаймыз деп бекінген. Бұл жыл басынан бері бас көтеріп талап қойып отырған осымен он бірінші еңбек ұжымы.

Жаңаөзенде бір аптадан бері түрлі мекеме жұмысшыларының наразылығы тоқтамай тұр. Дәл қазір ми қайнатар ыстыққа қарамай басшылығына наразы мұнайшылар, тазалықшылар, жүргізушілер, еден жуушылар – 9 компанияның жұмысшылары жалақыны көтеруін талап етіп, мекемелерінің алдында ереуілдетіп тұр. Кейбірі шатыр тігіп түнеп  жүр. Бәрінің қойған талабы – жалақы өсіру.

Қазір таңда «Кезби», KMG-Security, «БатысГеоФизСервис» сынды үш мекеме жұмысшыларының мәселесі оң шешімін тапқан. Жауапты органдардан құрылған арнайы топ қалғандарының мәселесін тыңдап мәмілеге келу жолын қарастыруда.

Берік Ізғалиев,  Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары:

- Бұл мәселелерді шешу үшін осы компаниялардың басшыларымен, уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірлесіп, еңбек заңнамасының тәртібі ұдайы түсіндірілуде. Яғни мұндай ереуілдер, наразылық акцяиялары қалай жүзеге асырылу керек? Қандай тәртіппен жасалу керек? Осының барлығы кең көлемде түсіндірілді. Жағдай тұрақты бақылауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде