{metadescription}
Мектептерде дене қызуын өлшейтін құрал орнатылуға тиіс
Мектептерде дене қызуын өлшейтін құрал орнатылуға тиіс

Мектептерде дене қызуын өлшейтін құрал орнатылуға тиіс

Жаңа оқу жылында мектептер қандай жағдайда ашылатыны белгілі болды. Білім және ғылым министрлігі дәстүрлі оқу үлгісіне көшу үшін тиісті санитарлық талаптардың тізімін жариялады. Оның бірі – барлық мектепте қызметкерлер мен оқушылардың температурасын өлшейтін құрал орнатылуы тиіс.

Бөлмелердің ауасы залалсыздандырылады. Оқушылар дәлізде немесе буфетте жиналып қалмас үшін үзіліс әр түрлі уақытқа қойылады. Оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлер медициналық бетперде тағуға тиіс. Бір сынып бір кабинетте оқиды. Дегенмен дәстүрлі форматқа ауысу бәрібір елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Үкімет комиссиясы мен бас мемлекеттік санитариялық дәрігер және өңірлердің бас санитар дәрігерлері оқыту тәртібі туралы шешім қабылдап отырады.

Қыркүйекте 3 жарым миллионнан астам балаға 7 475 мектеп ашылу жоспарланған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде