{metadescription}
Семейде бейіттердің тас-талқанын шығарған
Семейде бейіттердің тас-талқанын шығарған

Семейде бейіттердің тас-талқанын шығарған

Семейде қаскөйлер бейіт темірлерін тонаған. Ұрылар зиарттардың шойыннан қойылған қоршауын қолды қылған. Марқұмдардың жақындары бұл сұмдықты құран бағыштатуға барғанда бір-ақ көріп, жергілікті полицияға жаппай шағым түсіруде. Мола тонап пайда таппақ болғандар іздестіріліп жатыр.

Шаһар шетіндегі мұсылман зираты жау шапқандай күйде жатыр. Қаскөйлер оннан астам моланың тас-талқанын шығарған. Қоршалған ауыр шойын темірлерді түгел ұрлап кеткен. Бейіт басындағы ескерткіш тақта мен сорайған бағаналар ғана тұр. Ал марқұмдардың жақындары қорымға жасалған қорлықты құран бағыштатуға барғанда бір-ақ көрген.

Ет жақынының мәңгілік үйі тоналғанын көргендер полицияға шағым түсірді. Мола тонап пайда таппақ болғандарды жедел құрықтауға полицейлерден төрт топ құрылды. Олар қаладағы темір-терсек  қабылдайтын орындарда тексеріс жүргізуде.

Елеубек Оспанов, Семей қаласы ПБ баспасөз қызметінің бастығы:

- Қылмысты ашуға бағытталған кешенді, шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыс ашылғанан кейін хабар береміз.

Моланы тонау дерегімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті  қолға түскен жағдайда жеті жылға дейін абақтыға жабылуы мүмкін. Ал жақындары марқұмдардың бейітін өз күшімен қайта қалпына келтірмекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде