Сұлы, шөп, қара бидай жарты жыл бойы шетелге сатылмайды
Қазақстан жем-шөпті сыртқа шығаруға тыйым салмақ. Енді сұлы, шөп, қара бидай жарты жылға дейін шетелге сатылмайды. Ауыл шаруашылығы министрлігі мұндай шараларды аймақтардағы құрғақшылық пен мал жаппай қырылған соң қабылдаған сыңайлы.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
26.07.2021
Сауда министрлігімен бірлескен бұйрық ашық талқыланып жатыр.
Биыл Маңғыстау және Қызылорда облыстарында қатты қуаңшылық болып мыңдаған бас мал арам қатты. Аптап ыстықтың салдарынан жайылымдардың 90 пайызы құрғап қалды. Азық-түлік бағасы да бірден шарықтай түсті. Төрт түлігін аман сақтап қалу үшін шаруалар жануарларға картон қағазын беруге мәжбүр болды. Кейін көрші өңірлер көмекке зәру халыққа жем-шөп жіберіп қол ұшын созды. Үкімет аштан қырылған малдың қалғанын сақтап қалуға екі миллиард теңге бөлді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің жаңа басшысы жаһанға жар салуда. Ал бұрынғы министр Сапархан Омаров жағдайды бақылай алмағаны үшін Президенттің жарлығымен қызметінен босатылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!