{metadescription}
Шетелдіктерге медқұжат жасаумен пайда тауып келген – Түркістан облысы
Шетелдіктерге медқұжат жасаумен пайда тауып келген – Түркістан облысы

Шетелдіктерге медқұжат жасаумен пайда тауып келген – Түркістан облысы

Оңай олжа орға жықты. Түркістан облысында шетелдіктерге жалған медициналық құжат жасаумен пайда тауып келген үш адам ұсталды. Олар жалған шақыру анықтамаларын 3-8 мың теңге аралығында сатып жүрген. Бұл туралы ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Медициналық құжаттарды қолдан жасаумен және сатумен айналысқан үш адамның бірі  Сарыағаш ауданы ауруханасының медбикесі. Ол пандемия жағдайында Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін медициналық анықтаманы заңсыз дайындаған. Күдіктінің тұрғылықты жері мен жұмыс орнын тінткен полицейлер алдын ала мөр басылған 1266 бланкіні тәркіледі. Жалған құжат, мөр, бланкілерді қолдан жасау бабымен үш азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде