{metadescription}
Ақтөбеде мембағдарламамен пәтер алғандар екі жыл бойы далада жүр
Ақтөбеде мембағдарламамен пәтер алғандар екі жыл бойы далада жүр

Ақтөбеде мембағдарламамен пәтер алғандар екі жыл бойы далада жүр

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алғандар екі жылдан бері баспаналарына кіре алмай жүр. Себебі: шенеуніктер мен мердігер құрылысқа кеткен шығынды даулап осы уақытқа дейін соттасқан. Солардың кесірінен тұрғындар сенделіп қалған.  

Орынгүл Ақболатова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Халыққа осындай бағдарламамен дейді де, халыққа көмек деп бұйрық шығарып қояды да, жүреміз былай сенделіп. Екі жарым жыл күтумен кетті. Не өзіміздің жеке шаруамызды бітіре алмай күтіп отырмыз. Бәріміз пәтер жалдап тұрамыз. Үйіміз болса, жабыспаймыз ғой мына үйге.

Осыдан екі жыл бұрын «Бақытты отбасы» және «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша осы үйден 70 отбасыға пәтер берілген. Шенеуніктер ол кезде жарты жылдан соң жаңа қоныстарыңды тойлайсыңдар деп уәде етіпті. Бірақ құрылыс әлі аяқталар емес. Тұрғындар күнара сыртынан бақылап шаршадық дейді. Ал жұмыстың жүрмей қойғанына мердігер мен әкімдіктегілер кінәлі екен. Өйткені екі тарап бірін-бірі сотқа сүйреп, құрылыс материалының шығынына қатысты шағымданумен жүрген. Ақыры мердігерге қазынадан қосымша қаржы берілетін болып шешілді. Сондықтан ол үш айда құрылысты толық аяқтауға міндетті.

Бауыржан Жантөрин, Ақтөбе қаласы жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Сот процесіне байланысты құрылыс созылып кетті. Енді мердігер компанияға қазынадан қаржы бөлінді. Қазір Ресейден жабық алдырып жатыр. Қазан айына дейін жоспар бойынша құрылыс аяқталуы тиіс. Жоспардан кешіксе айыппұл төлейтін болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде