Семейде Шәкәрім атындағы университеттің 150 шаршы метрі күлге айналды
Семейде Шәкәрім атындағы университет отқа оранды. Өрт білім ордасының дәрісханасынан тұтанған.
Автор: Ұлан Нұрахмет
27.07.2021
Жалынды ауыздықтауға 50 өрт сөндіруші мен он төрт техника жұмылдырылды. Себебі: қарқын алған от төңірегіне ілезде тараған. Тіпті университетің мұрағат қоры мен кітапханасын да жалмап кете жаздады. Аброй болғанда жедел жеткен өрт сөндірушілер өртті дер кезінде ауыздықтап үлгерді. Студенттер мен ұстаздар қауымы жазғы демалыста болып, зардап шеккен ешкім жоқ. Есесіне ғимараттың 150 шаршы метр аумағы күлге айналды. Қазір мамандар өрттің нақты неден тұтанғанын тексеріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!