{metadescription}
Полиция сау етіп кіргенде қораз төбелестіргіштер терезеден секірді
Полиция сау етіп кіргенде қораз төбелестіргіштер терезеден секірді

Полиция сау етіп кіргенде қораз төбелестіргіштер терезеден секірді

Шымкентте қораз төбелестіріп қызық қуғандар жазаланатын болды. Қала тұрғыны карантин кезінде ауласын аренаға айналдырған. Полиция келгенде қораз төбелестіргіштердің кейбірі терезеден секіріп қашып күлкіге қалды.

Тәртіп сақшылары сау етіп кіріп келгенде 100-ге тарта тұрғын қораздар төбелесін тамашалап отқан еді. Бетперде таққаны кемде-кем. Полицейлерді көргенде тым-тырақай қашқан олардың көпшілігі ұсталып қалды. Ақшаға бәс тіккен-тікпегені әзірге белгісіз. Алайда карантин талабын бұзғаны үшін енді олар айыппұл төлейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде