{metadescription}
Ashyq-қа қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады
Ashyq-қа қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады

Ashyq-қа қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады

Елімізде бірқатар ірі қалада Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметі тоқтататылады. Бұндай шектеу елорда мен Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларына қатысты. Өйткені тәуліктегі сырқаттану көрсеткішінің 65 пайызы мен өлім-жітімнің 55 пайызы осы қалаларға тиесілі.

Аталған қалаларда 2-тамыздан бастап Ashyq жобасына қатыспайтын барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады. Ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шара өткізілмейді. Мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялар және өзге де ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істейді. Бірақ бұл ПТР-тесті таза және вакцина алғандарға қатысты емес.

Карантин талаптарының күшейтілуіне байланысты ішкі істер министрлігі де әуежайлар мен теміржол бекеттерінде жолаушылардың ковид дәрежесін анықтау шарасын күшейткен. Деректер де артып отыр. Мәселен, жыл басынан бері осындай қылмыстық құқық бұзушылықтан 80 жағдайдың сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі басталған.

Гүлнар Мұстафина, ҚР ІІМ криминалдық полиция департаменті басқармасы бастығының орынбасары:

- Биыл шілде айында министрлік жалған құжат дайындағаны үшін 53 қылмыстық іс қозғады, оның ішінде 24  ПТР-анықтама бойынша, 29  вакциналау паспорты бойынша қозғалды. Шымкент қаласында осындай 9 факті,  Алматы қаласы мен Ақмола облысында – 7, Маңғыстау облысында – 4 факті анықталды. Қалған өңірлерде 2-3 жағдай тіркелген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде