{metadescription}
Қоғамдық көлікте бетпердесіз жүргендерге тықыр таянды
Қоғамдық көлікте бетпердесіз жүргендерге тықыр таянды

Қоғамдық көлікте бетпердесіз жүргендерге тықыр таянды

Алматыда қоғамдық көліктерде бетперде тақпай жүргендерге қайтадан тықыр таянды. Эпидахуалдың күрт нашарлауына байланысты бүгін таңсәріден бастап автобустарда тексеріс басталды. Соның салдарынан жолаушылардың біразы жұмысынан қалды. Десе де «кешіктім» деп қарсылық білдіргендер болмады.

Серік Камелиев:

- Дұрыс! Өзім шығып кеттім де, аялдамаға жеткен кезде бетпердем жоқ екені есіме түсті. Қазір жұмысқа жеткеннен кейін сол жердегі дәріханадан сатып аламын деп тұрғанмын.

Полиция қызметкерлері бүгін таң атысымен автобусқа мінген жұрттың бет-жүзіне үңілумен болды. Олардың іздегені қылмыскер емес, карантин талаптарын біле тұра бетперде тақпай жүрген қырсық жолаушылар. Бетпердесіз жүргендерді сақшылар автобустан түсіріп тастады. Ал жолынан қалған жолаушыларды аялдамада әкімдік қызметкерлері мен санитарлар күтіп алды. Індеттің ушығып жатқанын біле тұра бетпердесіз жүргендердің аты-жөні жазылды. Десе де талап сақтамағандар бұл жолы оңай құтылды. Айыппұл салынбай, тек түсініктеме жазды. Бірақ бұл бастамасы ғана. Бетперде тақпай жүретіндер көбейсе, айыппұл салынатын болады. Коғамдық көліктердегі тексеріс түнде де жүргізілетін болады деп ескертті мамандар.

Айбек Әлішеров, Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының бас маманы: 

Айыппұл салмауға тырысамыз. Бетперде болса, өзіміз де беріп тұрамыз. Егер бетперде кигісі келмей, қарсылық білдірсе, ондай кісілерді міндетті түрде қоғамдық көліктен түсіріп, айыппұл салдырамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде