Қырғызстанға QazVac-тың 25 мың дозасы жіберілді
Қазақстан Қырғызстанға отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасын жіберді. Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, бұл көрші елге гуманитарлық көмек ретінде жіберіліп отыр. Оның үстіне тиісті өндіріс қарқынына да шықтық дейді ол.
Автор: Ербол Тұрымбет
28.07.2021
Осыдан бір ай бұрын премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов отандық вакцинаны айына 600 мың дозаға дейін өндірмейінше ешкімге берілмейтінін айтқан. Министр Цойдың айтуынша, қазір отандық өнімнің 100 мың дозасы аймақтарға таратылып жатыр. Тағы 600 мыңы өндіріліп тексерістен өткізіліп жатыр. Ол өңірлерге тамызда жетуі тиіс.
Ал Қырғызстан біздің елден әлдеқайда көп мөлшерде көмек сұрапты. Бірақ Қазақстан бауырлас елге шамасы келгенінше ғана қол ұшын созып отыр. Дегенмен біздің вакцинаның өзге елдерде қолданылуы жетістік деп мәлімдеді Цой.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!