{metadescription}
Жазда неге көкөніс пен жеміс-жидек қымбат?
Жазда неге көкөніс пен жеміс-жидек қымбат?

Жазда неге көкөніс пен жеміс-жидек қымбат?

Жазда өссе де жеңсіқ асқа айналды. Елімізде жеміс-жидек пен көкөністер баға өсімі бойынша биыл рекорд орнатты. Әсіресе картоп бағасы аспандап тұр. Сауда-саттыққа шолу жасаған сарапшылар мұндай өсім бұрын-соңды болмаған деп отыр. 

Қызылша  -1,5, сәбіз  1,9 есеге өскен. Ал картоп - 47,6 пайыз, қырыққабат- 33,5 пайыз, ал қызанақ 16,5 пайызға қымбаттады. Бұл небәрі бір айда өзгерген баға.

Бір жылда сәбіз бен қызылша екі есеге, картоп бір жарым есеге өскен. Сарапшылар көкөніс пен жеміс-жидектің жаздағы қымбатшылығын көктемнің кеш түсуімен түсіндірді. Жанармай мен  электр қуатының қымбаттағаны тағы әсер еткен. Шарулар жеміс-жидек салатын ағаш жәшіктерінің де бағасы өсті деп отыр.

Ал елде ең қымбат жеміс пен көкөніс Шығыс Қазақстанда.  Онда алма, алмұрт, жүзімнің бағасы 28,1 пайызға өскен. Одан кейінгі орында Павлодар облысы – 25,7 пайыз.

Атырау мен Қарағанды облыстарының тұрғындары жемісті былтырғыға қарағанда 19 пайызға қымбат бағамен сатып алып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.