Құрттың уы себілген 8 мың гектар жерге қалай мал жаяды – Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысында шалғынды құрт енді ауыл тұрғындарын әбігерге салып жатыр. Жыбырлаған зиянкестер үйге кіріп алған.
Автор: Жаңалық Ахаш
28.07.2021
Жұлдызқұрт облыстың алты ауданына тарап үлгеріпті. Тұрғындар таң атқанда үйдің сырты құжынаған құрттан көрінбей қалды деп дабыл қағуда. Зиянкес киім-кешекке, шүберекке жабысқыш, жылдам қимылдайды. Соңғы дерек бойынша аймақтағы 8 000 гектар аумақты осы құрт басып алған. Шенеуніктер мемлекет қорындағы жерді улауға ертең кірісеміз деп отыр. Ал қожалық иелері жеріне химиялық қоспа себуге өздері міндетті. Бірақ барлығының оған шамасы жетпейді. Сондықтан билік онсыз да қуаңшылықтан зардап шегіп отырған шаруаларға егіс алқабын улауға көмек берсін деп отыр. Одан бөлек, дәрі шашылған жайылымға мал жаюға болмайды. Химиялық препарат себілген жерде шөб жеген төрт түлік қырылып қалу қауіпі де бар.
Исатай Еспағанбетов, Ақтөбе облысы ауылшаруашылық басқармасының басшысы:
- Шалғынды жерлерді уласақ, ол жануарларға, оның ішінде малдарға зияны бар. Дегенмен улаушы мекемелер фитосанитарлық мекемелердің қадағалауымен жұмыс істейтін болады. Зиян препараттар, пестицидтер. Әрине, қауіпсіздігінің алдын алған алған жөн.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!