{metadescription}
Бір жарым жастағы қызын 1 миллионға сатып жіберген – Ақмола облысы
Бір жарым жастағы қызын 1 миллионға сатып жіберген – Ақмола облысы

Бір жарым жастағы қызын 1 миллионға сатып жіберген – Ақмола облысы

Ақмола облысында сәбиін саудаға салған тасжүрек ана ұсталды. 27 жастағы келіншек бір жарым жастағы қызын 1 миллион теңгеге бағалаған. Тірі тауарға айналған бейкүнә баланы сәби сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылар сатып алған.

Бұрын ұрлық, алаяқтық жасағаны үшін сотталып шыққан келіншек енді өз баласын сатып, пайдаға кенелмекші болған. Ол үшін бір балаға зар болған отбасын іздеп тауып, тиісті қаржыны қалтасына басып үлгеріпті. Алайда полиция алдымен баланы сатып алған ерлі-зайыптыларды іздеп тапқан. Кешікпей бауыр еті баласын ақшаға айырбастаған келіншекті ұстады. Бірақ күдікті әлі қамауға алынған жоқ. Ол тергеуге келіп тұруға міндеттелді.  Оған қатысты «Адам саудасы» бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Егер баласын сатқаны дәлелденсе, 9 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Әсем Әбдікәрімова, Ақмола облысы ПД баспасөз хатшысының міндетін атқарушы:

- Криминалдық полиция жедел профилактикалық шарада бала саудасы болғаны жөнінде ақпарат алды. Және де күдіктілер белгілі болды. Қазір  бала сатқан әйел мен бірге жаңа туған сәбилер мен 3 жасқа дейінгі  балаларды бағатын мекеме қызметкерлерінің де осы қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде