{metadescription}
0:000:00
Бір тәулікте елімізде коронавирустан 81 адам көз жұмды

Бір тәулікте елімізде коронавирустан 81 адам көз жұмды

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар қатары тағы 6925 адаммен толықты. Бұл падемия басталғалы бері бір күнде тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш. Індеттен 24 сағатта 81 науқас көз жұмды.

Күн сайынғы статистика көңіл көншітпей тұр. Қазір қауіптің «сары» деңгейінде тек Түркістан облысы қалды. Ал қалған барлық қала мен өңірлер «қызыл» аймақта. Ауруханада жатқан 1500 науқастың жағдайы ауыр. Әсіресе кесел қос қалада өршіп тұр. Нұр-Сұлтанда күн сайын мың жарымнан аса тұрғыннан ауру анықталса, Алматыда бір күнде 1250 адамның сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Мұндағы ақ халаттылар науқастардың 98 пайызы вакцина салдырмаған деп дабыл қағуда.

Гүлзат Байзақова, №5 Қалалық аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Вакцина адамның індет жұқтырмауына 100 пайыз кепіл бере алмайды. Дегенмен тұрғындар екпеден соң коронавирусқа шалдықса, ауруды жеңіл өткізеді. ПТР-тестінің нәтижесі оң шыққанымен, көп жағдайда симптомсыз болуы мүмкін, жеңіл формада. Вакцинадан кейін асқыну дерегі тіркелмеген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.