{metadescription}

Бразилиядағы қуаңшылық кофенің қымбаттауына әкелді

Кофе де қымбаттайды. Бірақ елдегі жанар-жағармайға емес, Бразилиядағы қуаңшылыққа байланысты боп тұр. Сарапшылардың болжамына сәйкес, көпшіліктің сүйікті сусыны 15 пайызға дейін өседі. 

Кофеге бағаның өзгеретіні туралы тасымалдаушылар компанияларға ескертпе қағазын таратып та қойыпты. Қымбатшылық шамамен тамыз айында күтілуде. Кейбір сұрып 10-12 пайызға, ал таңдаулы дәмді кофе 15 пайызға дейін өседі. Ал қымбатшылықтың себебі – Бразилиядағы қуаңшылық. Әсіресе ең алып кофе плантациялары жайлаған Парана, Сан-Паулу және Минас Жирайс штаттарында жер қақырап тұр. Соның салдарынан кофе алыптары жиын-терім әдеттегідей болмайды дейді. Яғни өнім бақандай 30 пайызға қысқарған.

Соңғы мәрте кофенің құны 2014 жылы көтерілген. Бірақ біздегі баға өзгерісі жылдың басынан байқалып келеді. Ал тамыз айынан ол тіпті аспандайын деп тұр. Десе де отандық кофе сатушылар алдағы қымбатшылыққа аса күйіп-пісіп жатқан жоқ. Кофені сүйсініп ішетіндерге баға тосқауыл емес дейді.

Роман Евнин, кофе сататын дүкендер желісінің жетекшісі:

- Кофеханалар бағасын өзгертпейді деп ойламаймын. Себебі, көбісі онсыз да 500-600 пайыз пайда көріп отыр, әрі кетсе, бір стақан кофе бағасы 20 теңгеге өсер. Әрине, кофе дүниежүзінде қымбаттағалы жатыр, сондықтан біздің дүкенде де баға өзгереді. Бірақ кофе түрі көп болғандықтан, бағасы да сан-алуан. Сол себепті, құны мынадай болады деп дөп басып айту қиын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.