{metadescription}

Олимпиада: Төрт төрт боксшы 4 медаль алуға қауқарлы

Қалған төрт боксшы 4 медаль алуға қауқарлы. Токио Олимпиадасындағы танымал спортшыларымыздың сәтсіздіктеріне түсініктеме берген спорт мамандары осындай болжам жасады. Үміт артқан боксшыларымыздың жарыс жолынан шығып қалуы тактикалық қателіктен дейді сарапшылар.

Ермахан Ыбрайымов, Олимпиада чемпионы:

- Тактикалық тұрғыдан бүкіл боксшыға өзгеріс керек. Аяқпен де мүлде жұмыс істемейді.  Мен жігіттерге әлі де болса айтарым, аяқты қосыңыздар, аяқпенен жұмыс істеңіздер. Қашықтықты айтады ғой, ілезде жұлып жеп,  қайта секіріп барып қорғануды ұмытпаңыздар. Сондай бір өзгеріс енгізер едім.

Оның үстіне Олимпиаданың бір жылға кейін шегерілгені де спортшыларға психологиялық тұрғыдан ауыр тиді дейді мамандар. Дегенмен Ермахан Ыбрайымовтың айтуынша, Қазақстан осыған дейінгі Олимпиада ойындарының бәрінен алтынсыз оралмаған. Сондықтан жанкүйерлерді сабырға шақырып отыр.

Бүгін Токиоға 44 адамнан тұратын спортшыларымыздың екінші тобы барды. Оның 24-і атлет қалғандары бапкерлер мен мамандар. Олардың арасында 10 адам жеңіл атлетика түрлерінен болса, 8-і – балуандар. Олардың да жүлде алуға мүмкіндігі зор дейді Сәпиев. Ал боксшыларымыздың сәтсіздігінен кейін енді қалған төртеуі жүлде алады деген сенімде. Тек Сәкен Бибосыновтың ғана француз қарсыласы өте мықты болып тұр екен.

Серік Сәпиев, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы:

- Әбілхан Аманқұлдың, Қамшыбек Қоңқабаевтың, Закір Сафиулиннің қарсыластары ондай көшбасшылар емес. Өтуге болады, жеңуге болады келесі бой. Енді 4 медаль алуға болады бізде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.