{metadescription}
Алматыда даяшыны ұрған клиент халықтан кешірім сұрады
Алматыда даяшыны ұрған клиент халықтан кешірім сұрады

Алматыда даяшыны ұрған клиент халықтан кешірім сұрады

Алматыда даяшыны бетінен ұрып жіберген клиент халықтан кешірім сұрады. Кафелердің бірінде болған жағдай таспаға түсіп қалған. Видео әлеуметтік желіде тарап жұрт шу көтерген соң ғана күдікті ұсталды. 

Данияр Оразғалиев:

- Алақанмен ұрдым. Қатты тиген жоқ. Әрине, бұл қылығым дұрыс емес. Сол үшін халықтан және даяшы жігіттен кешірім сұраймын. Енді өзімді ұстап жүретін боламын. 

Бетпердемен бет жүзін жасырған «батырсымақ» полицияға берген түсініктемесінде алақанмен жай салып қалғанын айтып ақталған. Дегенмен таспадағы көрініс басқаны көрсетіп тұр.

Оқиға төрт күн бұрын қаладағы кафелердің бірінде болған. Таспада көрініп тұрғандай, таңертеңгі ас ішуге келген төрт жігіттің бірінің алдына даяшы байқаусызда кофе төгіп алады. Шалбары былғанған клиент жас баланың бетінен жұдырықпен ұрып жіберген. Жұрт шу көтерген соң ғана даяшыға қол жұмсаған адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Ел-жұрттан кешірім сұрағанымен, күші тасыған жігіт бұзақалық бабы бойынша жаза арқалайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде