{metadescription}
Шемонаихадағы көп пәтерлі үйдің өртінде екі адам өлді – ШҚО
Шемонаихадағы көп пәтерлі үйдің өртінде екі адам өлді – ШҚО

Шемонаихадағы көп пәтерлі үйдің өртінде екі адам өлді – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында көп пәтерлі үй өртеніп, екі адам ажал құшты. Түн ортасында тұтанған тілсіз жау ғасырдан астам уақыт бұрын салынған үйді күл қылды.

Төтенше оқиға Шемонаиха ауданында болған. Қызыл жалын жұрт шырт ұйқыда жатқанда тұтанған екен. Алты пәтер толығымен өртеніп, бес отбасы далада қалды. Тұрғындар түтіннің иісін сезе сала сыртқа атып шыққан. Өкінішке қарай ыстан уланып денесін күйік шалған 32 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапты. Ал, өрт сөндірушілер өрт сөндірген кезде баспана ішінен тірідей жанып кеткен тағы бір адамның мүрдесін анықтаған. Әзірге оның нақты кім екені белгісіз. Жеке басы анықталуда.  Ал баспанасыз қалған жұрт туыстарының үйінің паналап кетті.  Қазір  мамандар өрттің неден шыққанын тексеріп жатыр.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД бас маманы:

Өрттің жалпы ауданы 280 шаршы метр. Өрт сөндіруге жеке құрамнан 11 адам, 3 техника жұмылдырылды. Тұрғындардан қарапайым өрт қауіпсіздігін сақтауды сұраймыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде