Өскеменде кәріз құдығына құлаған сиырды алып шықты
Өскеменде ашық жатқан кәріз жүйесінің құдығына құлап кеткен сиыр құтқарылды. Тереңдігі бір жарым метр шұңқырдан ірі қараны алып шығу оңай болмады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
30.07.2021
Құтқарушыларға қала маңындағы жер үйлердің бірінде тұратын қожайын жалғыз сиырының ашық құдыққа құлап кеткенін айтып қоңырау шалған екен. Ірі қара диаметрі бір метрден сәл асатын құдықтың аузына қалай сыйып кеткені белгісіз. Ақыры салмағы 250 кг жуық Зеңгі баба малын алып шығу үшін мамандарға кран шақыртуға тура келді. Дегенмен екі жарым сағатқа созылған құтқару шарасы сәтті аяқталды. Жануарға ешқандай зақым келмеген.
Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД бас маманы:
- Құтқарушылар тұрғындарға жануарларын қараусыз қалдырмауға және арнайы орындарға жаюға кеңес береді. Себебі, осы сияқты құтқару жұмыстары тансық емес. Өте жие орын алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!