{metadescription}
Ақтауда 215 келі бекірені заңсыз тасымалдаған
Ақтауда 215 келі бекірені заңсыз тасымалдаған

Ақтауда 215 келі бекірені заңсыз тасымалдаған

Ақтауда бекіре балығын заңсыз тасымалдаған тұрғын ұсталды. Lada priora -ның жолаушылар отыратын орындығына көк полиэтилен пакетке салынған 215 келі бекіре алып бара жатқан жерінен қолға түсті.

Жүргізуші Қызыл кітапқа енген бекірені аулауға болмайтынын білмеген кейіп танытты. Полицейлер оның автокөлігінің салонын тінткенде барлығы алты көк полиэтилен қапшық тапты. Оның әр қайсысынан бекіре шықты – 215 келі, 52 дана. Тәркіленген балықтар «Қазақ осетр» ғылыми-өндірістік кәсіпорнына тапсырылды. Қазір аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Заң бұзушыға қандай жаза кесілетіні тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады.

Елмұрат Сариев, Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

- Lada автокөлігіне тінту жүргізгенде алты дана көк түсті полиэтиленді пакеттен барлығы 52 дана салмағы 215 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. ҚР ҚК 339-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.