{metadescription}
Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды
Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды

Қалмұханбет Қасымов қызметінен босатылды

Қалмұханбет Қасымов Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметінен босатылды. Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол отставкаға және мемлекеттік қызметтен кетуге өзі өтініш берген.

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы 2011-2019 жылдар аралығында Ішкі істер министрі қызметін атқарды. 64 жастағы полиция генерал-полковнигі сол уақыттары журналистерден сытылып қашумен есте қалды.

Кейін Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы қызметіне тағайындалды.

Соңғы жұмысы 2020 жылдың қаңтарынан бастап Мемлекеттік күзет қызметі бастығы болып келді.

Құқық қорғау саласына талай жыл еңбегін сіңірген генерал Қасымов енді жеті немересінің ортасында алаңсыз өмір сүруді қаласа керек. Оның қызметін уақытша атқару орынбасары  Ермек Сағымбаевқа жүктелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде