{metadescription}
Вакциналаудың маңызын түсіндіру үшін көше аралауға шықты
Вакциналаудың маңызын түсіндіру үшін көше аралауға шықты

Вакциналаудың маңызын түсіндіру үшін көше аралауға шықты

Елордада аудан әкімдіктері жұртқа вакциналаудың маңыздылығын түсіндіру үшін аула аралауға шықты. Әкімдерге санитарлық дәрігерлер мен полиция қызметкерлері, еріктілер де қосылған.

Олар қоғамдық тамақтандыру, сұлулық салоны сынды көшедегі кәсіпкерлік нысанға кіріп вакцина алудың маңыздылығын көзбе-көз түсіндіріп жүр.

Әкімдік өкілдері дүкен мен сұлулық салондарын аралап, бәріне үнпарақ таратып шықты. Өйткені халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар, яғни сұлулық салондары, шаштараздар, азық-түлік дүкендері және жұртпен тікелей байланыста болатын өзге де кәсіпорындар өз қызметкерлерін алдымен вакциналау керек. Көшеде жолыққан кісілер де шақыртусыз қалған жоқ. Қажет болса көшпелі бригадалар еңбек ұжымдарына жұмыс орнында екпе салады. Сол сияқты оған жақын маңдағы үйлердің тұрғындары да барып вакцина ала алады. Қазір қала тұрғындары арасында вакцинаның бірінші компоненті 333 мыңнан астам адамға салынған. Бұл жеткіліксіз. Ал дүйсенбіден бастап Ashyq жобасына қатыспайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметі тоқтатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.