{metadescription}
Алматыда «Ашықтың» зардабын шегіп жатыр
Алматыда «Ашықтың» зардабын шегіп жатыр

Алматыда «Ашықтың» зардабын шегіп жатыр

«Ашық» қосымшасы алалауды тоқтатсын. Алматыда бір топ дәмхана, мейрамхана қожайындары бүгін осындай үндеу тастады. Айтуларынша, «Көшбасшы» мәртебесін алғандардың жұмысы жүріп, қалғаны уақыт жағынан қысылып шығынға батып жатыр.

«Ашықтың» шартына көнгісі келмейтіндердің уәжіне қаланың санитария-эпидемиология бақылау департаменті жауап берді.

«Қаулының қыспағынан қарыз ұйығына баттық» деген кәсіпкерлер бүгін бас қосты. «Ашық» қосымшасындағы «Көшбасшы» мәртебесі Асан мен Үсендей көзді бақырайтып тұрып алалау деп ышқынады. Айтуларынша, екі аптада екі мыңнан астам адам тамақтану орнына «Ашықпен» кірмесе, «Көшбасшы» қатарына қосылудан қағылады. Сол себепті тек кешкі сегізге дейін ғана жұмыс істей аламыз деп қынжылады.

Гүлжан Бақтиярқызы, кәсіпкер:

- Жұмысшы ұжымым үшін қиналамын. Өзім үшін қиналмасам да. Ойланып істеңіздер, үкіметтегілер, не істесеңіздер де. Қазақстанда ешқандай зауыт, ешқандай істеп жатқан ештеңке жоқ. Жоғары жақта отырып не ол? Тойынғаннан шығарып жатыр ма бұны? Аш бала тоқ баламен ойнамайды. Мынау тіпті қиын нәрсе ғой. Тоқ бала отырып алып не шығарғысы келеді, соны шығарып жатыр.

Басқа кәсіпкерлер де Гүлжан Бақтиярқызының кебін киген. Бірінің 20, екіншісінің 40 орындық дәмханалары бар. Бірақ талаптың бәріне ортақ болуынан олар «Ашықтың» зардабын шегіп жатырмыз дейді.

Абдулжан Усманжан, кәсіпкер:

- «Ашық» болса да, вакцина салсақ та, бізге жұмыс істеткізбейді. Тек дүйсенбі-жұма істейсің дегені дұрыс емес. Жұрт сағат 6-7 де жұмыстан шығады. Олар келгенше сағат 8 болады. Сонда қайда барады?

«Ашыққа» ашынғандарға Алматының санитария-эпидемиология бақылау департаменті тіл қатты. Қосымшаны дұрыс қолданғандар келушілердің бәрін «Ашықпен» кіргізгендер «Көшбасшы» мәртебесінен қағылмайтынын алға тартады. Сондықтан бұл ережемен келіспейтіндерге басқа айтар жауабымыз жоқ дейді.

Сәдуақас Байғабылов, Алматы қаласы санитария-эпидемиология бақылау департаменті басшысының орынбасары:

Егер де «Ашық» жобасы бүгін ғана енгізіліп жатса, оларды түсінуге болатын еді. Қосымшамен келушілерді тіркеу жағынан қалыс қаламыз дегендері жөнсіз. Бұған дейін «жасыл», «сары» аймақта болып, түнгі 2 ге дейін де жұмыс істеуге рұқсат берілді. Обьективті, бәрін «Ашық» арқылы кіргізгенде «Көшбасшы» мәртебесіне қажет көрсеткішті қиналмай жинар еді. Олар осы талаптарды сақтамаған.

"Ашық"қосымшасында «Көшбасшы» мәртебесіне ие болған қоғамдық тамақтану орны өз өңірі «қызыл» аймақта болса, «сарының», «сарыда» болса, «жасыл» аймақтағы карантин тәртібімен жұмыс істейді. Және мерамхана залын 20 пайызға дейін артығырақ толтыруға құқығы бар. Мұндай жеңілдіктер беретін мәртебе тек екі аптаға дейін сақталады.

Бір тәулікте «Ашық» жобасына қатысушылар 46 мыңға дейін күрт көбейді. Кәсібін өлтірмей дөңгелеткісі келетіндер келушілер санынан бұрын, сақтық шарасына көңіл бөлу керек екенін енді ғана түсініп жатқандай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде