Табиғатта от жағып, тамақ істегендер 291 700 төлейді
Түркиядағы жағдай қайталанбас үшін еліміздегі төтенше жағдайлар қызметі мен орман шаруашылығы тау мен курортты аймақтардағы бақылауды күшейтті. Карантин талаптары қатаңдатылғандықтан, демалыс күндері табиғат аясында тынығатындар көбейген.
Автор: Салтанат Шырынхан
02.08.2021
Енді белгіленбеген жерде кәуап пісіріп, самаурын қайнатқандар қомақты айыппұл арқаламақ.
Айдар Сайдылов, Алматы қаласының тұрғыны:
- Бірінші бекеттегі шлагбаумнан шығарған кезде бізді неге тәртіпке шақырмайды? Неге тәртіппен түсіндірмейді? «От жағуға, кәуап пісіруге болмайды» деп, соның бәрін неге айтпайды? Неге солардан жауап алмайсындар, неге бізден аласындар?
Карантин қайта күшейтіліп, ойын-сауық орталықтары жабылғандықтан таза ауада тыныстауға шығып жатқан халық санында шек жоқ. Арасында ережені елемей, талапқа тиянақ танытпай жатқандары да көп. Далалы жерлердегі алапат өртке көп жағдайда адами фактор себеп. Демалушылардың бірі тыйым салынған орында от жақса, енді бірі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа рұқсатсыз кіреді. Бұған қоса отырған жерін жинамай, қоқыс тастап, айналаны да ластауда. Осылайша демалыс маусымы басталғалы күн сайын дәл осындай 4-5 заң бұзушылық тіркеліп жатыр. Оларға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 291 700 теңге айыппұл салынады.
Алмас Байұзақов, Алматы облысы орман шаруашылығы жануарлар инспекциясының бас маманы:
- Өрт қаупі бар маусым болғандықтан алдын алу шарасы жүргізіліп жатыр. Арнайы орындар белгіленген тыс жерде өрт от жаққаны үшін ҚР 367-бабына сәйкес Әкімшілік кодексінің 367-бабының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарында 3-бөлігіне жатады. 100 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!