Асқар Ақаев 16 жылдан кейін Отанына оралды
16 жылдан кейін Отанына оралды. Қырғыз тергеушілері бүгін Асқар Ақаевтан жауап алып жатыр. Экс-президент Бішкекке табаны тиген бойда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің кеңсесіне жеткізілген.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
02.08.2021
Асқар Ақаевқа «Құмтөр» алтын кенішіндегі жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс аясында іздеу жарияланған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарламасында 1992 жылы бас келісімді жасау кезінде 1994 жылы құжатқа өзгеріс енгізу барысындағы, бұған қоса 2003 жылы бас келісімді қайта құрылымдау кезіндегі сыбайлас жемқорлық деректері бойынша экс-президентке сұрақ қордаланып қалған.
Асқар Ақаев 2005 жылғы революциядан кейін отбасымен бірге Ресейге қашып кеткен. Ол содан бері Қырғызстанға бірде-бір рет бармаған.
Ақаевты ешкім мәжбүрлеп жеткізбеген. Қырғызстанды 15 жыл басқарған экс-президент тергеуге өзі келіпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!