{metadescription}
Семейде жалған вакцина паспортын жасаған екі қызметкер ұсталды
Семейде жалған вакцина паспортын жасаған екі қызметкер ұсталды

Семейде жалған вакцина паспортын жасаған екі қызметкер ұсталды

Семейде жалған вакцинация паспортын жасаумен айналысқан екі медицина қызметкері ұсталды. Қазір олардың 30-дан астам тұрғынға құжат рәсімдеп бергені анықталды. Бірақ олардың қызметіне жүгінгендер бұдан да көп болуы мүмкін.

Олар жергілікті медициналық-әлеуметтік мекемеде жұмыс істегеніне бес жыл болған. Сыбайластардың бірі жалған вакцинация құжатын іздеген адамды тапса, екіншіс оны базаға еңгізіп рәсімдеп отырған. Ал қызметін 15 мың теңгеге бағалапты. Қазір полицейлер заңсыз қызметті қолданған тұрғындарды анықтап жауап алып жатыр. Енді жұрттың медициналық базаға тіркелген жалған мәліметі жарамсыз деп танылады. Ал паспортты саудаға салған қос қызметкер әзірге бостандықта жүр. Дегенмен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Сағат Мәдиев, ШҚО ПД бастығы:

Медицина қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері , ҚР ҚК 385-бабы бойынша жалған қжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу сараланған. Төрт  жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген. Осындай фактілерге полиция жедел түрде әрекет етуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде