Атыраулық медбикелер вакцина паспортын саудалаған
Атыраулық медбикелер вакцина паспортының саудасын жолға қойыпты. Заңсыз әрекеті үшін екі қызметкердің қолына кісен салынды. Екеуі екпенің әр кезеңіне 50 мың теңгеден алып отырған.
Автор: Тәуірбек Бозекенов
02.08.2021
Ақшасын ақ халаттылардың шотына аударған тұрғындар емханаға емін-еркін кіріп, вакцинаның жалған құжатын алып кете беріпті.
Қулыққа басып ақша тапқысы келген медбикенің бірі тұрғындардың вакцина алғаны туралы жалған ақпаратты жүйеге енгізгізіп келген. Ал екіншісінің қитұрқылыққа барып вакцина сұйықтығын адам денесіне салмағаны анықтады. Жалған вакцина құжатын жасағандар енді 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал оны пайдаланғандар 40 тәулікке қамалады.
Екі күн бұрын ғана Атырауда екпе алмаған тұрғындардың мәліметін «вакцина алды» деп Еgov порталына енгізген тағы бір медбике ұсталған болатын.
Мейірім Ердәулетова, Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы:
- 31-шілдеде емханалардың бірінде 1981 жылы туған азамат сол емханада медбике болып қызмет атқарады. Жалған вакцина паспорты ақпаратын жүйеге енгізгендігі туралы фактісімен ұсталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!