Қырғызстанда экс-премьер Темір Сариев қамауға алынды
Экс-президенттің өзі келіп тергеушілерге жауап берген іс бойынша іле-шала экс-премьер қамауға алынды. Қырғызстанның Мүмлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті бүгін Темір Сариевтің темір торға қамалғанын хабарлады.
Автор: Артур Ізбасов
03.08.2021
Оған да тағылған айып Құмтөр алтын кен орнына қатысты. Сол кезде экономика министрі әрі мемлекеттік комиссия төрағасы болған Сариев кеніштің экологияға келтірген зиянын бірнеше есе төмен көрсетіпті. Бюджетке миллиардтаған шығын келген. Қаржының бір бөлігін экс-премьер ауызбастырық ретінде алған деген де күдік бар.
«Құмтөр ісі» бойынша күні кеше Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев та Бішкекке арнайы келіп жауап берген. Бұл 2005 жылғы төңкерістен кейін Ресейге бас сауғалаған Ақаевтың Отанына алғаш оралуы. Ал Темір Сариевті тергеу кезінде түрмеде қалдыру-қалдырмау мәселесін алдағы екі күнде Бішкектің Первомайский аудандық соты шешуге тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!