Той-томалаққа барғандарға да айыппұл салынады – Маңғыстау облысы
Маңғыстау облысында енді той, садақаға барғандарға да айыппұл салынады. Төлейтін соманың құны да – 80 мың теңге. Жергілікті билік осылайша ауруды ауыздықтаймыз деп отыр. Әйтпесе айтқанды тыңдамай түрлі мерекелік шаралардың тыйылатын түрі жоқ.
Автор: Айман Нұрмағанбет
03.08.2021
Осыған дейін тек той, садақа жасағандар мен мейрамхана иесіне ғана айыппұл салынатын. Енді аталмыш шараларға қатысқан қонақтар да айыппұл арқалайды. Өткен демалыс күндері өңірдегі 256 нысанға рейд жүргізілген. Нәтижесінде 57 заң бұзушылық анықталып хаттама толтырылды. Мұнайлы аймақта коронавирус жұқтырғандардың саны сағат сайын өсіп барады. Соңғы тәулікте 181 адамнан КВИ анықталып, 14 адам көз жұмды. Ал жансақтау бөлімінде 107 адам жатыр. Мамандар эпидемиологиялық ахуалды жақсартудың бір жолы – көпшілік жиналатын шараларды шектеу керек дейді. Тексерісті күшейтіп, адамдарды енді той, жиыннан ұстап алсақ аямаймыз деп отыр.
Гүлмира Қалмұратова, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары:
- Тойда жүрген азаматтарды 80 мың теңгеге штрафқа тартамыз. Себебі, той иесінің жауапкершілігі бір бөлек. Екінші мәселе – тойға қатысып жүрген адамдардың жауапкершілігі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!