{metadescription}
Тұрғындар су мұнарасын қорғау үшін бас көтерді – Алматы облысы  
Тұрғындар су мұнарасын қорғау үшін бас көтерді – Алматы облысы  

Тұрғындар су мұнарасын қорғау үшін бас көтерді – Алматы облысы  

Тіршілік нәрі үшін күрес. Алматы облысының тұрғындары ауылдарындағы су тарататын мұнараны қорғап қалу үшін бас көтерді. Айтуларынша, жауаптылар ескі ұңғыманың жарамсыз екенін айтып, жаңа су қондырғысын өз қаражаттарына қосуды ұсынып отыр екен.

Ал бұған халық түбегейлі қарсылық білдіріп, көне су қондырғысын қалдыруларын талап етуде.

Еркін ауылының тұрғындарынан соңғы уақытта маза қашқан. Олар жарты ғасырлық тарихы бар тоқтаусыз жұмыс істеген су тарататын мұнарасына қырғидай тиген жергілікті басшылыққа қапалы. Ескі қондырғыны жарамсыз деп жариялап, өз қаражаттарына жаңа құбырға қосылуды талап етіп отыр екен.

Татьяна Ешкова, Еркін ауылының тұрғыны:

Бұл жерге медпункт салынады деген де сыбыс тарауда. Ал мендегі қағазда балалар алаңқайы деп көрсетілген. Бұған 10 жыл бұрын баяғы әкімнің қолы қойылған. Ешкімнің бұл аумақты иеленуге қақылары жоқ. Көздегендері жер болмаса мұнараның суын ішуге тыйым салмас еді. Бұл жерден 70 жылдан бері су келіп тұр.

Су жинайтын мұнараның тұрғындар терең қазылғанын және тіршілік нәрінің тап-таза екенін айтады. Ал жаңа құбырды үйлеріне тартуға қалтамыз көтермейді деп отыр. Бұдан бөлек, ондағы ауыз судың тазалығына күмәнмен қарайды. Өйткені бұл орын ертеректе шошқа фермасы болыпты.

Әсет Серғазы, Еркін ауылының тұрғыны:

Онсыз да экологиямыз таза емес. Тым болмаса таза су ішуімізге кедергі келтірмесе екен. Енді келіп баяғы шошқа фермасы болған жерге құдық қазып бізге соны ішіңдер дейді. Ондай жерден қайдағы таза су? Бізді ауру қылмақшы ма? Екіншіден қалтамыздағы ақшамызды қақпақшы...

Барлығын баяғы қалпында қалдыруды талап еткен бұқара әкімдіктің де есігін талай қаққан. Дегенмен атқамінерлер жаңа құбырдан келетін судың 100 пайыз таза екенін айтып тезірек қосылуын сұрап отыр.

Нұрбол Есенбаев, Қайнар ауыл округі әкімінің орынбасары:

- Су тартатын құбыр кезінде Кеңес одағы кезінде 90-шы жылға дейін тартылған. Су құбыры қазір ескірген. 2012-2013 жылдары жобасы  жасалынған. Ол кезде шіруіне байланысты су көп өше бастады. Қазір күн сайын су өшеді. Күнде қазылады. Ескі құбырлар. Сол себепті бұл жаңа құбырлар тартылған.

Шенеуніктер әлі де ауыл жұртының жартысы ескі мұнарадан су ішіп отырғанын айтады. Оған қоса бұл ауданда әзірге ешқандай да құрылыс жұмысын жүргізу көзделмепті. «Өз дегенімізден қайтпаймыз» деген қараша енді сотқа арыз жазбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.