Алматыда тұрғын үйлердің қақ ортасындағы қойма өртенді
Алматыда өрт сөндірушілер алапат жалынның алдын алды. Тұрғын үйлердің қақ арасында орналасқан тауар қоймасынан өрт шыққан. Таңсәріде тұтанған от 1000 шаршы метрге дейін тарап, жан-жағындағы жер үйлерге қауіп төндірген болатын.
Автор: Аруна Ортай
04.08.2021
Алапат жалын туралы хабарлама таңғы сағат тоғыз жарымда келіп түсті. Тауар қоймасынан тұтанған өртті бірден сөндіре қою қиынға соққан. Өйткені шатыры екі қабат материалмен қаптап жабылған екен. Қалың шатырды 40 өрт сөндіруші жабылып жүріп қолымен ашуына тура келді. Құтқарушылардың жедел қимылдағанының арқасында, абырой болғанда өрт көрші үйлерге тарап кетуге жол берілмеді.
Нұрлан Таубеков, Алатау ауданы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы:
- Өртті сөндіруге біршама шатырдың күрделі құрылысы кедергі келтірді. Қойма шатырының бірінші қабаты тегіс битум мастикасынан, екінші қабаты ағаш, металл шифермен төселген. Соған қарамастан өрт сөндірушілер апат құралдарымен шатырды бұзып, өрттің таралуына жол бергізбеді
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!